Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін ол "Аса қатігездікпен кісі өлтіру" ісі бойынша тергелген еді.

Енді Салтанат Нүкенованың өлімі үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып жатыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!