Атырау облысында 2,5 миллион теңге пара алған судья ұсталды

Атырау облысында 2,5 миллион теңге пара алған судья ұсталды
Фото: freepik

Атырау облысында 2,5 миллион теңге пара алған судья ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны Жоғары соттың баспасөз қызметі растады. 2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 миллион теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан