Шымкенттегі бейімдеу орталығынан қашып кеткен қыздар Алматыдан табылды

Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі 14 қаңтар күні кешке белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жасөспірімдер Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!