Мойныңызға қарап байқауға болатын қант диабетінің белгісі

Кейбір адамдар қант диабетімен ауыратынын қажетті медициналық талдау тапсырғаннан кейін ғана біледі, бірақ бұл аурудың өзіндік белгілері бар екенін ескерген жөн. Дерматолог Муниб Шах аурудың теріге қарап байқауға болатын белгісі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қант диабетін мойын терісінің түсіне қарап анықтауға болады. Егер мойын терісі басқа дене бөлігіне қарағанда қарайған болса, дәрігер кеңесін алуға себеп бар деген сөз. 

Тері түсі өзгеруінің себебінің бірі қара акантоз болуы да мүмкін. Мысалы, шынтақ, тізе секілді тері қатпарлары бар, бүктелетін аймақтар қараяды. Қарайған дене бөлігінде тері қалыңдайды. Бұл өзгеріс дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін болса да, көбінесе мойынның артқы жағында, қолтықта болады.

Сонымен қатар, дәрігер жиі зәр шығару, қатты шөлдеу, түсініксіз жағдайда салмақ тастау, аштық, көру қабілетінің нашарлауы, аяқ-қолдың ұйып қалуы немесе қышуы, терінің құрғауы секілді қант диабетінің жиі кездесетін белгілерін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін қант диабетімен күресуге көмектесетін тағамдар тізімі хабарланған болатын. 

  • Сұлы ботқасы;
  • Жаңғақтар;
  • Даршын;
  • Авокадо;
  • Тәтті қызыл бұрыш;
  • Тары;
  • Балық;
  • Бұршақ;
  • Құлпынай;
  • Сарымсақ

Тағы да оқи отырыңыздар: Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде қайта емтихан тапсыру керек пе?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!