12 жыл бойы жасырынған: Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Өзбекстанның 45 жастағы азаматын құрықтады.

"Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынған", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!