Қазақстанда көлік 12-17 пайызға қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда көлік 12-17 пайызға қымбаттауы мүмкін
Фото: pixabay.com

Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Абуев 2024 жылы автокөліктердің бағасы қанша пайызға қымбаттайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, жеңіл көліктердің бағасы кейінгі 10 жылда болмаған бағаға жеткен. 

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 5,09 миллион автокөлік тіркелген. Олардың 4,47 миллионы - жеңіл автомобиль. Жыл басынан бері жеңіл автокөліктер 14,4 пайызға өсті (бағасы - еск.), бұл - кейінгі 10 жылдағы ең жоғары нәтиже", - деді Аңсар Абуаев.

Оның пайымдауынша, көлік бағасы биыл тағы да 12-17 пайызға өседі.

"Біз сарапшылар мен тұрғындардан автонарық туралы сауалнама жүргіздік. Сарапшылар көлік бағасы 10-20 пайызға өсетінін болжап отыр. Ал біздің болжам: 2023 жылы елдегі инфляцияның 9,8 пайызға дейін түскенін ескере отырып, көлік бағасы 12-17 пайызға өседі. Оның басты факторы ретінде Қытай нарығына негізделген сұраныстың сақталуын айта аламыз", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, Абуов елімізде алдағы уақытта қытай көліктерінің қарасы көбейетінін айтты.

"2023 жылы қаңтар-тамыз айларында Қазақстандағы жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы 120,3 мың бірлікке жетті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5 пайызға көп. Біздің зерттеуміз бойынша былтыр әрбір сатылған 4-көлік - Қытайдың көлігі. ...Яғни, Қазақстандағы Қытай көліктерінің сатылымы өсе береді", - дейді ол.

Жасұлан Ордабаев 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz