Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс жабық режимде қаралады

Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс жабық режимде қаралады
Фото: видео кадры

Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс Алматы сотында апелляциялық тәртіппен жабық режимде қайта қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі Алтынайдың өтініші бойынша сот отырысы жабық режимде өтеді.

Еске салайық, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс сотта қаралып жатқаны хабарланған болатын. Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сайтында ақпараттың рас-өтірігін тексерілген еді. 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қарауға қабылданған.

Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын. 

Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай кейінгі жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші.

"Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина