Педофил қолынан қайтыс болған 5 жасар қыздың өліміне қатысты тағы бір адам тергеуден өтіп жатыр

Педофил қолынан қайтыс болған 5 жасар қыздың өліміне қатысты тағы бір адам тергеуден өтіп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында педофил қолынан қайтыс болған 5 жасар Еркежан Нұрмаханның өліміне қатысты пробация қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оған қызметіне салғырт қарады деген айып тағылған. Яғни, ол ауыр қылмыстың алдында шартты түрде жазаға кесілген Гайбназар Сайдалиевке тиісті түрде бақылау жүргізбеген.

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде 5 жасар Еркежан Нұрмаханды көршісі айуандықпен өлтірген еді. Жоғалған қызды жан-жақтан іздеген туыстары ақыры көрші үйдің шатырынан тапқан. Балақайды аяусыз пышақтап өлтірген азғын шартты түрде сотталған қылмыскер екен сол кезде белгілі болған. Осыдан кейін жұмысымен қоштасады деген Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қатардағы сот қатарына қосылды . Ал тіркеудегі қылмыскерді бақылауы керек болған пробация қызметкері қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина