Қазақстандықтар интернет арқылы қандай тауарларды жиі сатып алып жүр?

Қазақстандықтар интернет арқылы қандай тауарларды жиі сатып алып жүр?
Фото: pexels.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда интернет арқылы қандай тауарлар жиі сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2022 жылдың қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 12,5 пайыз болып, 1 млрд 963 млн теңге болды. Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар – үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер", - деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша электронды сауда қызметтер нарығының көлемі 1,2 трлн теңге болды. Оның 50,3 пайыз жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.

"Былтыр 11 айда электронды сауда көлемі шамамен 2 трлн 183,1 млн теңге немесе бөлшек көлемінен 13 пайыз (16 мрлд 793,1 теңге) болды", - деді министр.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz