-33 градус аяз. 16 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -31...-33 градус, күндіз -22...-24 градус.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз 0...-2 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел секундына  5-10 метр. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз 0…-2 градус.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына  9-14 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градус.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -23...-25 градус, күндіз -14...-16 градус.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -10...-12 градус, күндіз -4...-6 градус.

Жезқазғанда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -26...-28 градус, күндіз -16...-18 градус. Облыстың солтүстігінде қарлы боран соғады. 

Қарағандыда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -16...-18 градус.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде -23...-25 градус, күндіз -14...16 градус. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі.

Конаевода бұлтты, қар жауады, жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз -2...-4 градус. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -22...-24 градус, күндіз -18...-20 градус.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -11...-13 градус, күндіз -5...-7 градус. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -28...-30 градус, күндіз -21...-23 градус.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -23...-25 градус, күндіз -17...-19 градус.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -26...-28 градус, күндіз -18...-20 градус. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында қарлы боран соғады.

Талдықорғанда бұлтты, қар жауады, жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус, күндіз -5...-7 градус. Облыс орталығында және таулы аймақтарда көктайғақ күтіледі.

Таразда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус, күндіз -4...-6 градус. Солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында бұрқасын күтіледі.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метр күшейеді. Ауа температурасы түнде -12...-14 градус, күндіз -2...-4 градус. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында бұрқасын күтіледі.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14, екпіні 18 метр. Ауа температурасы түнде -10...-13 градус, күндіз -3...-5 градус. Облыстың батысы мен солтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -27...-29 градус, күндіз -20...-22 градус. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!