Ішімдік ішкен: Петропавлда 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Петропавлдағы колледждердің бірінің жатақханасында оқушылар ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.

Салдарынан 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алған.

"Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олар - бірінші курс студенттері. Қазір Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай деректер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - делінген баспасөз хабарламасында.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!