"Сіз барда еңсем биік!" Жұлдыз Әбдукәрімова әкесі туралы әсерлі жазба жариялады

"Сіз барда еңсем биік!" Жұлдыз Әбдукәрімова әкесі туралы әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әкесі туралы әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Сіз барда еңсем биік! Әкем мен үшін тау тұлға. Қыз баласы үшін олай болуы қалыпты заңдылық. Өмірді кеше келе, осы жасқа жеткенде әкемнің әр әрекетінде тәрбие болғанын түсініп келем.

Бір ғана мысал айтайыншы, бала күнімнен әкемнің бос сөйлегенін көрген емеспін. Дастарқан басында, үйде, қонаққа барғанда, мейман келгенде қандай жағдай да болсын айтқан әңгімесі жүйелі, саналы, ұлтжанды болатын. Сол әдеп әлі күнге жалғасуда. Ешқашан ұсақталмаған екен.

Менің әкем ғылым саласында. Ол дегеніңіз біздің отбасымызда жүйе, мақсат, талпыныс пен еңбек бірінші орында болды. Өзімді қыз баласы деп, бетімнен қақпады. БІРАҚ қатал көзқарасының өзі жеткілікті болатын. Менің әкем осындай", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек