Алматыда көлік өртеніп кетті: төрт адам зардап шекті

Алматыда көлік өртеніп кетті. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол апаты шамамен 18:30-да болған. 3 көлік соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан "Лада" көлігі отқа оранды.

Оқиғаның себептері мен басқа да жағдайы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!