Синоптиктер 16 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 16 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 16 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматыда 16 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 16 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 16 қаңтарда тауларында қалың қар сақталады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта тұман түседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан