"Шұбаркөл көмір" компаниясының жұмысшысын жүріп бара жатқан вагон қағып кетті

"Шұбаркөл көмір" компаниясының жұмысшысын жүріп бара жатқан вагон қағып кетті
Фото: Tengrinews.kz

"Шұбаркөл көмір" компаниясының жұмысшысы жүріп бара жатқан бос вагондардың астына түсіп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға "Шұбаркөл көмір" компаниясына қарасты теміржол бойында болған.

Компания оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Тергеу басталды.

"15 қаңтарда "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның ішкі теміржол жолдарында қайғылы оқиға болып, қызметкер қаза тапты. Жұмысты орындау кезінде бағыттама постының кезекшісін жүріп бара жатқан бос вагондар қағып кетті. Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қажетті көмек көрсетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан