Йеменде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ

Йеменде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ
Фото: Sky News

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Йемендегі арнайы операцияға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Йеменде консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтары жоқ. Сондықтан қандай да бір зардап шеккен Қазақстанның азаматы туралы ақпарат түскен жоқ", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбританияның әуе және әскери кемелері Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы жасаған еді. Олар Иранның қолдауымен Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасауды жиілеткен.

Қазір Йеменнің солтүстік-батысы мен елдің астанасы Сана көтерілісші хуситтер бақылауында.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz