Майқайыңда автобус шахтаға құлаған сәттің видеосы пайда болды

4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайың алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!