Технолог үй жағдайында тұздалған қиярды көп жеу денсаулыққа қандай зиян тигізуі мүмкін екенін айтты

Технолог үй жағдайында тұздалған қиярды көп жеу денсаулыққа қандай зиян тигізуі мүмкін екенін айтты
Фото: pixabay.com

"Қыстың қамын жаз ойла" деп, жылы мезгілде кез келген қазақ отбасы банкі жабады десек қателеспейміз. Дегенмен бірнеше ай бойы сақталған, үй жағдайында тұздалған көкөністер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы технолог Елена Ершова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Көкөніс талшықтың көзі болғандықтан пайдалы. Бірақ мұндай дайындамаларға тұз көп мөлшерде қосылады, салдарынан қан қысымы жоғарылап, бүйрек жұмысы бұзылып, адам ісінуі мүмкін.

Маманның сөзінше, дүкеннен сатып алынған тұздалған қиярға қарағанда үй жағдайында дайындалғаны қауіптірек.

"Сапасыз дайындалған тұздалған қиярда уақыт өте ботулинум микробтары пайда болып, оны тұтынғаннан кейін адам "ботулизм" ауруына шалдығуы мүмкін. Ботулизм адамның орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етеді, салдары мүгедектік немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін", - дейді технолог.

Ботулинум микробтары топырақта дамиды, одан қоздырғыштың споралары көкөніске, саңырауқұлақтарға және басқа да өнімдерге түседі.

"Көкөністерді консервілеуге және тұздауға дайындау кезінде ботулинум толық тазаланбайды. Құрамында  ботулинум микробы бар топырақ көкөністерде қалады. Сондықтан оларды ұзақ уақытқа қалдыру микробтың одан әрі дамуына түрткі болады", - деді Елена Ершова.

Технолог қияр сыртында қалған микробтарды кетіруге қайнаған судың да күші жетпейтінін жеткізді.

"Ботулинум микробтары термиялық өңдеуден қорықпайды, олар тек +120 градус температурада өледі. Ал үйдегі су +100 градуста қайнайды. Сондай-ақ, банкіні жабуға арналған қақпақ ботулинум микробтарының көбеюіне тамаша орта бола алады", - деді маман.

Ботулизмнің белгілері

"Аурудың белгілері бірден немесе біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Оның алғашқы белгілеріне жүрек айну, сұйық нәжіс пен іштің ауыруы жатады. Кейінірек, жүйке жүйесінің зақымдалып, тамақ жұта алмай, көру қабілеті нашарлап, тыныс ала алмай қалуыңыз мүмкін. 

Өнімнің қауіпті екенін қалай түсінуге болады?

"Үй жағдайында дайындалған тұздалған қиярда ботулинум микробтары бар екенін сыртқы түріне, дәмі мен иісіне қарап анықтау мүмкін емес, ол көзге көрінбейді", - деп ескертті сарапшы

Сондықтан, ешқашан үйде әзірленген тұздалған қияр жемеңіз және сатып алмаңыз. Тұздалған қияр жегіңіз келсе, сенімді өндірушілерден сатып алған дұрыс.

Айта кетейік, бұған дейін кардиолог тұздалған қиярдың жүрекке әсерін айтқан болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Кереге басына ілу деген қандай ырым?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә