Дәрігер мұрындағы түкті жұлу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты

Дәрігер мұрындағы түкті жұлу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты
Фото: pixabay.com

Кейбір ер адамдар мұрындағы түктерін жұлады, алайда сұлулық жолындағы бұл шара өмірге қауіп төндіретін салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық хирург Каран Раджа айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрындағы түктер тыныс алу қуыстарын шаң-тозаң, микроб пен вирустардың жиналуынан қорғайды. Егер түктерді жұлатын болсаңыз, оның орны босап, тесік арқылы инфекция ағзаға өтуі мүмкін. Сондай-ақ, мұрын қуысында шыққан безеуді сықсаңыз да салдары осындай болуы ықтимал. 

Кейде мұрын аймағындағы инфекция тіпті миға да таралады, өйткені олар бір-біріне жақын орналасқан, яғни мұрынның мимен тікелей байланысы бар.

Мысалы, мұрыннан түкті жұлғаннан кейін пайда болған инфекция кавернозды синустың септикалық тромбозына (қанның ұйып қалуы) әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде ми абсцессін, беттегі жүйке талшықтарының зақымдануын немесе инсультті тудыруы әбден мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін мұрын шұқу мен мұрынбоқ "жеудің" зияны қандай екені хабарланған болатын. 

Мұрын ішке жібермей ұстап қалған патогенді сіз қолмен шұқып, ол қолды жумай, қауіпті аурудың таралуына себепші болуыңыз мүмкін. Ең ақыры мұрынбоқты жеп қойсаңыз, ол микроб пен аллергендерді ішке жібердіңіз дей беріңіз. Одан кейін ауру тууы мүмкін. Адам ұшынуы, улануы да ықтимал.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бір жылда қанша кітап оқуға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә