"Күлетін жағдай емес". Танымал актер дайындық кезінде оңбай құлады

Танымал актер Шерхан Пірназар дайындық кезінде қатты құлап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы видеоны өнер иесі, өзінің instagram парақшасына жариялады. 

"Жалын өзінің қандай екенін білмейді, өйткені өзінің белгісіздігіне əбден бойы үйренген", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары актердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, пікір қалдырды. 

"Анау өзі қирап тұрған стол еді", "Үш рет түкіресіз бәрі жақсы болады", "Айнааааалайын жан балаааам, Құладың ау сен жаман", "столды алысырақ қою керек еді. Сонда ештеңе болмас еді", "Бетіңді жарақаттап алмашы", "Күлетін жағдай емес", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, актер Шерхан Пірназар халыққа "Рауза", "Мұғалім", "Детектив әже", "Джохан", "Хотя б кино",  сынды кинотуындыларымен таныс. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!