"Қалыпты нәрсе". Алматыда айналма көпірдің арасының ашылып кетуі жұртты шошытты

Алматыда Қалқаман ықшамауданы маңындағы жүргізушілерге арналған көпірдің арасының ашылып кетуі жұртты шошытты. Алматы әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода Алматыдағы Райымбек даңғылындағы айналма көпірдің арасы ашылып кеткенін көруге болады. 

Қалалық әкімдік мәліметінше, көпірдегі бұл құбылыс - қалыпты нәрсе. Әшімов көшесінің батысындағы Райымбек даңғылындағы сол жақ бұрылыс эстакадасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2014-15 жылдары жүргізілген.

"Қазақ Промтранспроект" ЖШС мамандарымен бірлесіп визуалды тексеру кезінде ауа-райының әсерінен деформациялық тігістің ұлғаюы анықталды, бұл көпір конструкцияларының аралық құрылыстары үшін қалыпты пайдалану тәртібі болып саналады. Қыс мезгілінде бетон конструкциялары қысқарады, нәтижесінде деформациялық тігіс, сәйкесінше, жазда, керісінше кеңейеді.

Сонымен қатар, деформациялық тігістің құрылымындағы ақаулар бұрын анықталған, атап айтқанда толтырғыш пен резеңке компесатордың экструзиясы пайда болған. Осыған байланысты 2024 жылға осы эстакада бойынша деформациялық тігістерді жөндеу жоспарланған. Анықтама ретінде 2023 жылы Алматы қаласы бойынша 6 көпірдегі деформациялық тігістер жөнделген", - дейді әкідік өкілдері Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Бүгінде эстакада бойынша қозғалысты шектеуге ешқандай себеп анықталмаған. Мамандар тексеру бойынша рәсімдерді жүргізуді жалғастырып жатыр.

Жүргізушілерге эстакадада орнатылған жылдамдық режимін (40км/сағ) сақтау ұсынылады. Мамандардан қорытынды алу бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина