Қостанай облысында үсік шалған әйел ажалдан аман алып қалды

Қостанай облысында үсік шалған әйел ажалдан аман алып қалды
Фото: Қостанай облысы ТЖМ

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері үсік шалған әйелді ажалдан аман алып қалды. Ол Арқалыққа жақын маңдағы Мирное ауылында табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарасына сілтеме жасап. 

Беті мен сол қолын үсік шалған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар оқиғаның егжей-тегжейін жақын арада хабарлауға уәде берді.

Сондай-ақ, департамент 3 күн ішінде 56 адам құтқарылғанын хабарлады. Оның 6-ы - бала. 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек