Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында бойжеткен Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз оңтүстік астанада. 

Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр.

Үстінде қоңыр пальто, ақ орамал, қызыл жемпір болған. Қолында ұялы телефоны болған. 

"Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212. "Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, жоғалғанды табуға көмектессеңіз" , - деп жазған еріктілер. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек