"Мына сары қызға ешкім жоламасын". Жеңіс Сейдуллаұлы әйелімен қалай танысқанын айтты

"Мына сары қызға ешкім жоламасын". Жеңіс Сейдуллаұлы әйелімен қалай танысқанын айтты
Фото: Видео кадры

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, "Құрмет" орденінің иегері Жеңіс Сейдуллаұлы жары Алма Исмағұловамен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында бөлісті.

"1984 жылы қазанда екеуміз "Френсис" деген киноға бардық. Мен оған уәде беріп, өзім ұмытып кетіппін. Алғашқы кездесуіміз ғой. Сөйтіп дайындыққа кірісіп кеттім. Бір кезде араласатын қыздардың бірі жүгіріп келді. "Не істеп отырсың, біреуге уәде бергенсің ғой, Алма дайын отыр ғой" деді. Мен гитарамды тастап бардым. Сыртқа шығып қолымды көтерген едім жаңа Волга тоқтады. Киноға келсек, билет жоқ. Сосын біреу билетін сатты. Маған оның аяқ-қолы балғадай болғаны, томпақтығы ұнады. Консерваториядағы балаларға "мына сары қызға ешкім жоламасын" дедім. Анамның көңілінен шықты", - дейді әнші. 

Видео кадры 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек