"Бір тойлап алдық". Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын айтты

"Бір тойлап алдық". Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан баласын бесікке жатқызғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, "тыштымасын" жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!" - деп жазған ол парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек