Атырауда өзін өзі өртеген ер адамға қатысты тың ақпарат шықты

Атырауда өзін өзі өртеген ер адамға қатысты тың ақпарат шықты
Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда өзін өзі өртеген ер адамға қатысты тың ақпарат шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Кеше, 13 қаңтар күні жедел қызмет байланыс орталығына Мақат ауданы Доссор кентінде 1961 жылы туған Б. есімді азаматтың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Оқиға орнына шұғыл түрде "жедел жәрдем" бригадасы жетіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Оған денесінің 60-70 пайыз күйік шалған деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Суицидтің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ("Суицидке дейін жеткізу")", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан