Қазақстанда ең үлкен стадион салынуы мүмкін

Қазақстанда ең үлкен стадион салынуы мүмкін
Фото: ©pflk.kz

Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен стадион салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша Ақтөбеде ұсынылып отырған стадионның сыйымдылығы "Астана Аренаның" көрсеткіштерінен асып түсуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елордалық стадион 30 000-ға жуық көрерменді қабылдай алатын елдегі ең үлкен кешен. Ал Ақтөбе жанкүйерлері ішкі чемпионаттағы ойынға жиі келеді. Еурокубок матчтарына 50 мыңнан 70 мыңға дейін өтінім келіп түседі екен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов