Астанада рейстер кейінге шегеріліп және тоқтатылып жатыр

Астанада рейстер кейінге шегеріліп және тоқтатылып жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.

"Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес", - делінген хабарламада.

Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.

Әуеайлақтағы ауа температурасы - 18 градус суық. Желдің жылдамдығы - 12м/с.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан