Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Фото: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбе - Астрахань тасжолында төрт көлік соқтығысып, бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл бір отбасының мүшеcі - әкесі, баласы және анасы", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, екпіні күшті желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кеткенін хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан