Өзбекстанда 12 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық ұсталды

Өзбекстанда 12 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық ұсталды
Фото: upl.uz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанда іздеуде жүрген ер адам Өзбекстанда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ulp.uz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл қайғылы оқиға екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ұзақ тергеу мен ынтымақтастықтың тақырыбына айналды және ақырында сәтті нәтижеге жетті", - деп жазды басылым.

Қылмыскерді ұстау бойынша бірлескен операцияны екі елдің құқық қорғау органдары Наманган облысының Үшқорған ауданында жасады. Ол 12 жыл бойы соттан "сәтті" құтылып келген.

Ұсталған адам істі одан әрі қарап, сот шешімін шығару үшін құзырлы органдарға тапсырылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан