Сүйек сорпасы қандай ауруларға ем бола алады? Қазақстандық дәрігер жауап берді

Сүйек сорпасы қандай ауруларға ем бола алады? Қазақстандық дәрігер жауап берді
Фото: ru.freepik.com

Невролог Ұлжалғас Тұрғынбайқызы сүйек сорпасы қандай ауруларға ем бола алатынын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, сүйек сорпасы емдей алатын аурулар:

  • Буын аурулары;
  • Аллергия;
  • Қаз аздық;
  • "Тесік ішек" синдромы;
  • Өттің іркілуі.

Бұдан бөлек, Ұлжалғас Тұрғынбайқызы сұйек сорпасының адам ағзасына пайдалы туралы айтты. 

  • Сүйек сорпасы коллагеннің бай көзі;
  • Сүйек, шаш, тырнақтың саулығына оң әсер етеді;
  • Ұзақ уақыт қайнағаннан кейін сүйектегі барлық макро-микро элемент пен пайдалы зат сорпаға шығады;
  • Асқазан ішек-жолдарын қалыпқа келтіреді;
  • Ішек бүрін жаңартады;
  • Ішек ауруларының алдын алады.

Сонымен қатар, маман сүйек сорпасының дұрыс дайындалу жолын да түсіндірді.

"Ірі қара малдың жілік сүйектерін (сіңірлі сүйектері) жуып үлкен қазанға саламыз. Қатты отта қайнатып, көбігі шыққанша қайнатып, көбігін аламыз. Тағы 30 минут қайнатып, суын ауыстырамыз.
Екінші рет қазанға су толтырып, қайнағанша қатты, сосын астын жай отқа қоямыз.

Егер, шамамен 10 литр сорпа қайнатсаңыз, 1 лимонды сығып, шырынын сорпаға қосамыз. Лимон болмаса, 1 литр сорпаға - бір шай қасық алма сіркесуы. 10 литр қайнатсаңыз - 10 шай қасық алма сіркесуы немесе бір лимон шырыны.

Сорпаға дәміне қарай тұз қосамыз, лавр жапырағын қосуға болады. Бұл сорпа жай отта 10-12 сағатқа дейін қайнап тұру керек. Сорпа дайын болуына 1 сағат қалғанда сәбіз, пияз, көк шөптер қосуға болады, ал картоп қоспаймыз. Бөлме температурасында суытып, кейін тоңазытқышқа саламыз, шыны ыдыстарда 5 күнге дейін сақтауға болады.

Неврологтың сөзінше, лимон немесе алма сіркесуы сүйектегі минералды заттарды сорпаға шығаруға көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін сүйек сорпасының басқа да пайдасы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл кімдер декларация тапсырады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә