Қуырмай жесеңіз денсаулыққа қауіп төндіретін жаңғақ түрлері аталды

Қуырмай жесеңіз денсаулыққа қауіп төндіретін жаңғақ түрлері аталды
Фото: elements.envato.com

Жаңғақтар пайдалы, алайда оның барлық түрін қуырмай шикі күйінде жеуге болмайды. Өйткені кейбір өңделмеген жаңғақ түрінде пайдалы дәрумен ғана емес, адам өміріне қауіп төндіретін у да болуы мүмкін. Сондықтан оларды өңдеп жеген жөн.

Бадам жаңғағын тұтынар алдында міндетті түрде қуырып өңдеу керек. Себебі, жаңғақ құрамындағы амигдалин цианогликозидінің (3-5 пайыз) ыдырау өнімі гидроциан қышқылының бөлінуін тудырады. Бұл жаңғақтағы қоректік заттардың сақталуы үшін қатты отта қуырмай-ақ, аздап кептіруге де болады.

Өңделмеген жержаңғақ та денсаулыққа қауіпті, өйткені ол ас қорыту жұмысын бұзып, аллергиялық әсер тудырады. Ал қуырғаннан кейін пайдалы полифенолдың деңгейі 20-25 пайызға артады.

Құрамында улы урушиол майы бар шикі кешью жаңғағы да қауіпті. Урушиол жанаспалы дерматит пен қышуды тудыратын улы зат. Урушиолға төзбеушілігі бар адамдар бұл жаңғақты қуырылмаған немесе өңделмеген күйінде жей алмайды, өйткені бұл улы заттың тіпті кішкене бөлігі өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Ал қуырылған кешью керісінше, денсаулыққа пайдалы. 

Ғалымдар мәліметінше, жаңғақты қуырған кезде қанықпаған май қышқылдары жойылады. Ол қан қысымын қолдауға және қартаю процесіне жауап береді. Осы себепті қуыру кезінде мұқият болған абзал, температура неғұрлым төмен болса, қоректік заттар соғұрлым аз ыдырайтынын есте ұстаған жөн.

Айта кетейік, жаңғақтың түрлері пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, бадам жаңғағында талшық, ақуыз, Е дәрумені, қанықпаған май, антиоксидант көп, ал фундукта марганец, мыс бар.

Еске салайық, бұған дейін күнде жаңғақ жесе не болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Қаңлы» атауы қандай мағына беруі мүмкін?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә