Ғалымдар іштегі майды кетіруге көмектесетін көкөністерді атады

Ғалымдар іштегі майды кетіруге көмектесетін көкөністерді атады
Фото: pixabay.com

Брокколи антиоксидантқа бай көкөніс және оның қабынуға қарсы әсері болғандықтан, салмақ тастауға көмектесе алады. Диетолог Триста Бест іштегі майды кетіруге көмектесетін басқа да көкөністерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, брокколи мен асжапырақ (шпинат) секілді жасыл көкөністерді жиі тұтыну іш айналасында жиналатын майды кетіруге көмектеседі. Сондай-ақ, сәбіз, тәтті бұрыш секілді ашық және қызғылт сары көкөністерді жеу де осындай нәтиже береді.

Іште жиналған майдан құтылуға көмектесетін тағы бір көкөніс - ассүттіген (листья салата). Ол антиоксиданттық қасиеттері бар лютеин, ликопен және зеаксантинге бай.

Сонымен қатар, дәрігер қызылшада іштің кебуі мен шамадан тыс тамақтануға жол бермейтін талшық көп екенін жеткізді. Ал талшық салмақты бірқалыпта сақтау үшін маңызды ішек микробиомасының саулығын жақсартуға көмектеседі. 

"Қырыққабат ағзаны А, К, С және В6 дәрумендерімен, сондай-ақ марганец пен калиймен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек бұл көкөніс төмен калориялы, талшық пен ақуызға бай, бұл сымбатты дене пішімі үшін күресте маңызды", - деп қорытындылады диетолог.

Айта кетейік, бұған дейін іштегі майды кетіру үшін не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қамшы қалдыру деген қандай дәстүр?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә