"Жаралы сезім" фильміндегі Иван қазақ тілін қалай меңгергенін айтты

"Жаралы сезім" фильміндегі Иван қазақ тілін қалай меңгергенін айтты
Фото: Коллаж

Әлеуметтік желіде "Жаралы сезім" фильміндегі Иванның қазақ тілін қалай меңгергенін айтқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иванның шын есімі - Виталий Куприянов. Ол фильмде күніне бір сөзден жаттап жүрген еді. Актер өзінен қазақ тілін қалай меңгергенін сұраған адамға, күніне 1 сөзден жаттағанын айтып әзілдеген. 

"Күніне 1 сөз жаттап отырдым, сөйтіп бір жылда 365 сөз жаттап, қазақша сөйлеп кеттім", - дейді ол видеода. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жұлдыздар әлемі⭐️⭐️⭐️ (@juldyzdar.qaz)

"Иван" да кино саласында жүр. Ол Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. "Жаралы жүректен" кейін Виталий "Обратная сторона", "В городе А" және "Виртуальная любовь" фильмдеріне түскен.

Бірақ бұл фильмдер "Жаралы сезім" сияқты халыққа тарай қойған жоқ. Виталий үйленген, үш баласы бар. Бірнеше театрда ойнайды. 

Былтыр Куприяновтың есімі қайта жарқ етті. Ол атақты "5:32" сериалының бесінші бөліміне түсті. Онда студент қыздарға шабуыл жасайтын маньяктың ролінде ойнаған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек