"58 жасқа толар едің". Ақерке Бүркітбай әкесіне арнап жантебірентер жазба жариялады

Әнші Ақерке Бүркітбай Желідегі парақшасында өмірден өткен әкесіне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші жазбасында әкесі биыл 58 жасқа толатынын тілге тиек еткен.

"58 жасқа толар едің…

Асқар тау да, өзің едің,биіктік,
Өзің барда үй жатушы еді жиып құт.
Кенет кеттің мәңгілікке, жан Әке
Сағыныштан адам төзбес күй ұқтық.

Өзің едің бізге қамқор, қорған да,
Бақытты едік өзің бірге болғанда,
Мәре-сәре жатушы едік шуласып,
Дастарханның басы өзіңмен толғанда.

Өсиетіңе, көке, адал болармыз,
Мына өмірде шыншыл болып қалармыз.
Тату-тәтті сыйластықты ту етіп,
Болашаққа сенімменен барармыз.

Алаңдама, жұмағыңда ақ көке,
Алла бізді қамқорлайды нұр төге.
Дұғамызды бағыштаймыз жұмада,
Есіміңді ұмытпаймыз бар жерде..", - делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен алғаш танысқан сәт туралы айтқаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 13 күні дүниеге келген адамдар қандай болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз