Балқаш көліндегі балықшылар мұз үстінде қалып қойған

Балқаш көліндегі балықшылар мұз үстінде қалып қойған
Фото: ТЖМ

Балқаш көліндегі мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ сілтеме жасап. 

12 қаңтарда сағат 17:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 20:30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.

ТЖМ ескертпе жасады:

  • өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы - кем дегенде 10 сантиметр;
  • қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;
  • жүрілген жолдарды пайдалану керек;
  • мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек;
  • балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;
  • әрбір балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек