Диетолог ерітілген сырдың қаупі туралы ескертті

Диетолог ерітілген сырдың қаупі туралы ескертті
Фото: stockking/Freepik

Ерітілген ірімшік жеуге ыңғайлы әрі дәмді, алайда бұл өнімде көптеген зиян компонент бар және қарапайым ірімшікке қарағанда пайдасы жоқ. Бұл туралы нутрициолог, диетолог Александра Разаренова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, кәдімгі ірімшік сүттен, ал ерітілгені табиғи ірімшіктен дайындалады. Негізі табиғи өнімнен екеніне қарамастан, бұл ірімшікке дәмді бояғыш, эмульгатор, дәм күшейткіш, консервант секілді түрлі қоспалар береді.

Сонымен қатар, өндірісте адам денсаулығына зиян транс май көп қолданылады, соның арқасында ерітілген ірімшіктің құрамында тұз, консервант және май мөлшері әдеттегіден көп болады. 

Ерітілген ірімшікті шамадан тыс тұтыну семіздік, холестерин деңгейінің жоғарылауы, қант диабеті және жүрек-қан тамыр аурулары секілді ауыр аурулардың даму қаупін арттырады. Ал кейбір ірімшіктің бұл түрі аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. 

Александра Разаренова ерітілген ірімшікті табиғиға балама нұсқа ретінде қарамауға кеңес берді. Ірімшікті тұтынуға болады, бірақ аз мөлшерде, мәселен дені сау адам үшін күніне бір-екі шай қасық рұқсат етіледі. Ал егер адамға жеуге болмайтын тағамдар мен өнімдер тізімі бар болса, алдымен дәрігер кеңесін алғаны жөн.

Айта кетейік, бұған дейін ерітілген ірімшіктің денсаулыққа пайдасы туралы хабарланған болатын. 

Ерітілген ірімшіктер сүт өнімдерінің бірі болғандықтан, оның құрамында амин қышқылдары, дәрумендер, кальций мен аққуыз кездеседі. Өндірген кезде ірімшікке құрғақ сүт, май, кілегей қосады. Сондай-ақ, ірімшік қатайып қалмас үшін, аталған тағамдармен бірге оған еріткіш тұздар қосады.

Кәдімгі қатты ірімшіктерге қарағанда, ерітілген ірімшіктердің құрамында холестерин аз әрі ол ағзаға тез сіңеді. Бұл ірімшіктер тырнақ, шаш, сүйектің мықты болуына ықпал етеді. А, Д, Е дәрумендеріне бай ірімшіктер ас қорыту мен қан айналым жүйесі жұмысына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, ерітілен ірімшіктер ауыз қуысында жағымсыз иістің болмауына жол береді. Қатты ірімшектерге қарағанда ерітілген ірімшіктер көп уақытқа дейін дәмін жоғалтып, бұзылмайды.

Тағы да оқи отырыңыдар: Бұлшық еттің қажуы деген не? Бұлшықеттің қажуының 3 себебі қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә