Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Шымкенттік ақ халаттылар ауыр халде жатқан науқасты аман алып қалды. №1 клиникалық аурухана дәрігерлері сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа бірегей ота жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық басқармасындағылардың мәліметінше, ауыр халге түскен науқас тіпті шет елдердегі дәрігерлердің тексеруінен өтіп, диагнозын ешкім анықтай алмаған екен.

№1 ауруханаға 1961 жылы туған ер адам ауыр жағдайда келіп түскен. Дәрігерлер пациентті медициналық тексеруден өткізіп, ұйқы безі түтікшесіндегі бездің ұшында және денесінің бірнеше бөлігінде тасы барын анықтайды.

Күрделі әрі бірегей ота хируругия бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Қабыловтың жетекшілігмен жасалды. Ұйқы безіндегі тастардың көлемі үлкен болғандықтан хирургтар операцияны ашық әдіспен жасағанын алға тартты.

"Науқасқа ота лапаротомия трансдуоденальды папиллосфинктеротомия және вирсунговтомия пластика әдісімен жасалды. Операция кезінде қауіп басым болғанын жасырмаймыз. Отадан кейін науқас үш күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы жақсы. Бұл отаның ерекшелігі – науқасқа қойылған диагноздың сирек кездесуінде. Бастысы – дертті анықтап, қауіптің алдын ала білдік", – дейді операция жасаған хирург Дәурен Қабылов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы