Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді

Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Түнтеков "Saltanat live" youtube-арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Димаштың стилі операға жақын екенін атап өтті.

"Мен попса жанрында орындадым, Димаштың стилі операға жақын, екеуміз де жақсы айтып шықтық, сондықтан неге салыстыратынын түсінбеймін. Кейіннен бұл әнді айтуға қорқатын болдым, нақтырағы, мүлде айтпаймын. Себебі сөздері ауыр – өлім туралы. Кейбіреулер вальс билеп жатады, тойда орындауымды да сұрайтындар бар. Ол кезде әннің тарихын түсіндіріп, бас тартамын", - деді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы