Павлодарда төрт күн бұрын жоғалған 21 жастағы қыз әлі табылмай жатыр

Павлодарда төрт күн бұрын жоғалған 21 жастағы қыз әлі табылмай жатыр
Фото: pixabay.com

Павлодарда төрт күн бұрын жоғалған 21 жастағы қыз әлі табылмай жатыр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

8 қаңтарда жоғалған 21 жастағы Мәдина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген. Қызы үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.

Қыз баланың белгілері: арық денелі, бойы 150 сантиметр, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.

"Қазіргі уақытта ауланы аралап, куәгерлер, туыстары, достары мен көршілерінен сұрастырып жатырмыз. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге бағытталған", - деп хабарлады  полиция департаменті. 

Полицейлер Мәдина Қазбекпайдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарды 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан