68 баланың өліміне себеп болған "Док-1 Макс" препаратына қатысты жаңа дерек айтылды

68 баланың өліміне себеп болған "Док-1 Макс" препаратына қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: elements.envato.com

Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған "Док-1 Макс" препараты төңірегіндегі даулы іске қатысты жаңа дерек айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл препарат салдарынан көз жұмған бүлдіршін саны 68-ге жеткен. 16 бала осы дәріні ішкен соң мүгедек болып қалған. Тағы екі айыпталушы тергеліп жатыр.

Еске салайық, 2022 жылдың аяғында "Док-1 Макс" деп аталатын жөтелге қарсы сиропты ішкен соң, көрші елде 65 бала көз жұмған еді. Бұл оқиға бүкіл елді алаңдатты.

Ал жаңа деректерге сай қайтыс болғандар саны 68 екені хабарланды. Сотқа тартылғандар 23 адамға жетті.

Үндістанда өндірілген "Док-1 Макс" сұйық дәрісін Өзбекстанға жеткізіп, таратуға қатысы бар деп айыпталғандар арасында фармацевтика саласына жауапты шенеуніктер де бар. Даулы іс былтыр тамыздан бері сотта қаралып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек