Дәрігер минералды судың бүйрекке төндірер қаупі туралы айтты

Дәрігер минералды судың бүйрекке төндірер қаупі туралы айтты
Фото: pixabay.com

Дәрігер Екатерина Демьяновская қандай кезде минералды суды ішпеген жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, минералды су дәрі болмағанымен, құрамына қарай емдік қасиеті болуы мүмкін. Мұндай су асқазан-ішек жолдарының ауруларына оң әсер етеді, бірақ оны тым көп ішуге болмайды. 

"Көбінесе минералды су асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдарға ішуге ұсынылады. Оның құрамынданғы темір, кальций, натрий, магний және басқа элементтер ағзадағы тапшылықты толтыруға көмектеседі. Минералды су биологиялық белсенділікке ие болғандықтан, оны дәрігер тағайындаған мөлшерде ғана ішу керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Екатерина Демьяновская минералды судың артық мөлшері бүйрекке теріс әсер етуі мүмкін екенін және газ қыжыл, іштің ауыру мен кекіруді тудыратынын жеткізді. Сондықтан, минералды судың қай түрін ішкен жөн екенін дәрігерден нақтылаған дұрыс.

"Ал табиғи минералды суды ешқандай шектеусіз ішуге болады, бірақ оны қарапайым ауыз сумен араластырып ішкен жөн. Табиғи минералды және емдік суды дәрігер кеңесін алғаннан кейін ғана тұтыну керек, сонда дәрігер сізге суды қандай мөлшерде, қай түрін, қашан ішу керегін анықтап, айтады", - деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, бұған дейін минералды суды қалай дұрыс таңдау керегі хабарланған болатын.

Минералды судың бөтелкесіндегі этикеткада мыналар жазылуы тиіс:

  • Өндіруші фирманың атауы;
  • Химиялық құрамы;
  • Минералдану тәсілі және деңгейі;
  • Бастаудың атауы;
  • Сақтау ережелері;
  • Дайындалған күні болуы керек. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Үйсін билеушілерінің лауазымы қалай аталды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә