Аяз күшейе ме? Алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері күн суытады.

"Республиканың басым бөлігінде қар жауады, қарлы бұрқасын аязға ұласады. Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус аязға дейін, шығысында 15-20 градус аязға дейін, ал оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!