"1 айда 1,5 млн таптым". Танымал әнші таксист болған кезін еске алды

Танымал әнші Райым Уайыс карантин кезінде тойдан, концерттен қол үзіп, бала-шағасын бағу үшін адам тасып, жұмыс істеп, ақша тапқанын жеткізді. Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз сол уақытта қаржыдан қатты қиналғанын, бірақ ақша табу үшін ұятты ысырып қойғанын айтты.

"Мен, шынымды айтсам, карантин кезінде адам тасыдым. Үш балам, анам, келіншегім бар. Бұлай жата бергеніміз болмас, "көлікті беріп қойды, адал табыс" деген ой келді. Сол карантин уақытында такси жүргізушісі болып, ақша таптым. Ұялған жоқпын, себебі артта бала-шаға тұр. Солай жүргенде мені таныған кездер болды. Жасырынасың енді. Бетте маска, басымда бейсболка, көзімде көзілдірік. Тек көзім ғана ашық тұрған кезде, бір кісі "Сәлеметсіз, сіз Райым Уайыс емессіз бе?" деп сұрады. Ол кісі менің өнерімді жақсы танитын кісі болса керек. Бірақ мен ұяттың бәрін шетке ысырып қойып, ақша табу, жан бағумен жүрдім", - дейді әнші.

Өнер иесі такси жүргізушісі болып, қанша ақша тапқанын айтты.

"Мен енді шамамен 1 айда, бір яки бір жарым миллион теңге таптым. Көрдіңіз бе, қалай жұмыс істегенімді. Таңертеңнен кешке дейін. 24 сағатың 20 сағатында жұмыс істедім. Басқа өнер иелері секілді абыройды ұстап, жатып алмадым. Керісінше жүмыс істеп, басқа өнер адамдарына қарызға ақша бердім", - дейді Райым Уайыс.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!