Маңғыстауда өте сирек кездесетін ақ қасқыр суретке түсіп қалды

"Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалында ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметінше, бұл - өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр.

"Ақ қасқыр - Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады", - дейді мамандар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!