Қоқыс тастауға шығып, оралмаған: Солтүстік Қазақстанда 11 жастағы бала жоғалған

Қоқыс тастауға шығып, оралмаған: Солтүстік Қазақстанда 11 жастағы бала жоғалған
Фото: pkzsk.info

Қазақстанның солтүстігінде полицейлер мен еріктілер 4 сағат бойы 11 жастағы баланы іздеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Баланың ата-анасы 7 қаңтарда сағат 19:30 шамасында жасөспірім жоғалып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, бала қоқыс тастауға шығып, оралмаған.

Іздеу іс-шараларына полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерін, педагогтер мен тұрғындарды тартты.

Сағат 24:00 шамасында үйлердің біріндегі кіреберістен бала табылды. Ол дереу үйіне қайтарылды, полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Солтүстік Қазақстан облысы криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, 2023 жылы хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты 477 өтініш қабылданған, оның ішінде 475 адамның орналасқан жері анықталған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова