Павлодарлық тұрғын қолын балтамен шауып алған

Павлодарлық тұрғын қолын балтамен шауып алған
Фото: pixabay.com

Қолын балтамен шауып алған науқасқа павлодарлық хирургтер көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық аурухана мәліметінше, былтыр 7 қазанында №1 ауруханаға қолын шауып алған науқас түскен. Владимир Дмитриенко өз үйінің ауласында ағаш кесіп отырған кезде байқаусызда балтамен қолын ұрып жіберген. Травматологтар, қан тамырлары хирургтері, анестезиологтар мен медбикелерден тұратын дәрігерлер тобы қолды тікті.

"Ол қолын сәл қозғалта алады. Алда оны оңалту күтіп тұр", - дейді дәрігер.

Бүгін қалалық ауруханаға облыстық мәслихат депутаттары келіп, дәрігерлерге алғыс хат табыс етті.

Сәтті ота жасаған дәрігерлер: Нұржан Қазкен, Тимур Сексембаев, Руслан Исмаилов, Досымхан Қасымханов, Ернұр Нүркебаев, Майя Қажкенова, Мағзира Қалкенова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова