Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың отбасына 10 миллион теңге көмек берілді

Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың отбасына 10 миллион теңге көмек берілді
Фото: Massaget.kz

Алматыдағы автобус апатынан қайтыс болғандардың туыстарына Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, ақша табыстады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Руслан Өтепбай жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сол оқиғада қайтыс болғандардың ішінде екі отбасыға әрқайсысына 10 миллион теңгеден көмек берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

"Бағдарлама барасында уәде еткендей Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, екі отбасыға 10 миллион теңгеден табыстады. Қалқаманда орын алған апаттан құзырлы орган сабақ алуы тиіс! Ал жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған дархан елдің жақсылығы мұнымен таусылмақ емес! Бастысы, марқұмдардың жақындарына сабыр, ұл-қыздардың болашақтарына баянды бақ тілейміз", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы