Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық күтпеген жағдайға тап болған

Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық күтпеген жағдайға тап болған
Фото: Әлеуметтік желіден

Жаным баклажаным лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева төрт баласымен филиппиндік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жақында күтпеген оқиғаға тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шетелге қыдырып келген әкесі екеуі ренжісіп қалған. Салдарынан әкесі тіл білмесе де, киімсіз далаға шығып кеткен. Бір күннен соң ғана үйіне келген.

 "Әкем осында бір ай қалып, жұмыс істеймін деп шықты. Тіл білмейтін жастардың өзі таба алмай жүр дегеніме көнбей қойды. Ертесіне таңертең "өзім білемін" деп ашуланып, үйден телефонсыз, жұқа киіммен шығып кетті. Мен де ашумен жүре бердім. Тек 6 сағат өткен соң ғана полиция шақырып іздеу салдық. Барлығын іздедік. Сөйтсек, әкем бүгін түсте жақсы адаммен танысып, көңілді уақыт өткізгенін айтып, үйге келді. Ал біз Қазақстан-Америка болып мына жақта уайымдап жүрсек, қысқасы қазақша драма ғой", - деп жазды ол.

Блогер қазір бәрі жақсы, әкесі табылғанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы