Ақмола облысында жүкті әйел мен баланы құтқарамын деп төтенше жағдайлар қызметкері үсіп қалды

Ақмола облысында жүкті әйел мен баланы құтқарамын деп төтенше жағдайлар қызметкері үсіп қалды
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында төтенше жағдайлар қызметкері екіқабат әйел мен баланы құтқарамын деп өзі үсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Отбасы Еркіншілік ауылынан аудан орталығына шыққан. Ер адам ауруханаға екіқабат әйелі мен қолы сынған ұлын апара жатыпты. Жолда бұлақтан су алмақшы болып тоқтаған. Бұлақ іздеп жүріп адасып кеткен. Аязда көлікте қалған әйел мен бала үсуге шақ қалған соң құтқарушыларға хабар берген. Айдалада адасқан адамды да, әйел мен баланы да арнайы көлікпен шығып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Амангелді Доскенов өзі іздеп тапқан. Алайда екі құлағы мен бетін аяз қарып тастапты.

30 апталық жүктілікпен жолға шыққан әйел мен қолы сынған бала дәрігерлерге аман-есен тапсырылған.

Әріптестерінің айтуынша, екі құлағы мен бетін үсітіп алған құтқарушы қызметін жалғастыруға кетіпті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан